Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Аналар кеңесінің "Қылықты қыз тәрбиелейік" тақырыбында кездесу өткізді

Форт- Шевченко қаласы әкімінің жанындағы Аналар кеңесінің Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі "Инабат" қыздар клубы жұмысымен мектептің 9-11 сынып қыздарымен "Қылықты қыз тәрбиелейік" тақырыбында кездесуі болып өтті.

"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы бойынша әйелдер, қыздар мәселесі мен отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында Форт-Шевченко қаласы әкімінің жанындағы Аналар Кеңесінің жүрмелі отырысы ұйымдастырылды.

Кеңес төрайымының орынбасары Б.Толқын бастаған, кеңес мүшелері ардагер Валентина Зоболоцкая, кеңес хатшысы Ж.Джартыкова, "Қолдау"орталығы ЖМ директоры, МДТІЖО - М.Елеусинова қатысқан Кеңеске Түпқараған аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Н.Төлеуғалиева да шақырылды.

Кеңес жұмысының жоспары таныстырылып, "Қылықты қыз тәрбелейік!" тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілсе, Түпқараған аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Н.Төлеуғалиева " Қыз саулығы-ұлт саулығы" тақырыбында қыздардың денсаулығын сақтау, жеке бас тазалығы туралы ақпараттандырды.

Кеңес мүшелеріне мектеп оқушылары ұсыныстарын жеткізіп, кездесу ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді



  • |  Просмотров: 25  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-10-2021, 11:45  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: