Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Белсенді өмір сүру орталығының» мүшелеріне арналған шаралар өтті

Достық үйі ғимаратында «Қоғамдық денсаулық сақтау институтының» ұйымдастыруымен «Белсенді өмір сүру орталығының» мүшелеріне арналған шаралар өткізілді.

Шараға Маңғыстау облыстық ҚХА жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшелері және этно-мәдени бірлестік өкілдерінің егде жастағы мүшелері қатысты.

Шараның мақсаты: егде жастағы адамдардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, олардың қызығушылықтары бойынша бос уақытын ұйымдастыру және оларды қоғамдық өмірге тарту арқылы қарым-қатынас жасау.

Шара таңғы жаттығумен басталып, компьютерлік сауаттылығын арттыру сабақтарымен жалғасты. Шара соңында қатысушылар тегін медициналық тексеруден (терапевт, кардиолог, эндокринолог мамандардан) өтті.



  • |  Просмотров: 29  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:26-10-2021, 11:35  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: