Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

"ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Абдулаева Түймеш Базарқызы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосында тұрады. 1998 жылдан бері ауыл кәсіпкерлігін дамытуға үлесін қосып келе жатқан кәсіпкер. Ауылдың кәсіпкерлік саласын дамытуға өз үлесін қоса жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ауылда, обылыс деңгейінде өзіндік орнын қалыптастыра білген ауыл әйелі, белгілі кәсіпкер, отбасында аяулы жар. Бұл сөздерге оның "Астана" телеарнасындағы "Біздің ауыл" бағдарламасына кейіпкер болуы дәлел. Кейіпкерді ауыл адамдарынан сұрай жүріп таңдаған шынайылығы мен өткірлігімен елге танымал журналистің түсірілім тобы бірнеше күн бойы кәсіпкердің тыныс тіршілігі мен кәсібін, отбасын шынайы көрсете білген.

Ол Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі орта мектепте 1969-1979 жыл аралығында 1 кластан 10 класқа дейін үлгілі оқып, Алматы ауыл шаруашылығы институтын инженер-педагог мамандығымен ойдағыдай бітірген. Шетпе селосындағы №5 кәсіптік мектебіне мамандығы бойынша оқытушы болып орналасқан соң, абыройлы жұмыс жасай жүріп, отбасылы болды. Еліміз егемендігін алған соң обылысқа белгілі кәсіпкер жұбайы Жаулы Жұмалиевпен бірге өз кәсібін ашып елге қызмет етті. Кәсіпкерлігіндегі ең басты бағыты - нан өнімдерін шығару, қоғамдық тамақтандыру. Аудандағы мектеп асханаларын жалға алып, сын көтермейтіндей төмен жабдықталған ауыл мектептерінің асханаларын өз қаржысына жөндеп, қажетті құрал жабдықтар сатып алып, оқушыларға сапалы қызмет етуде көптеген жұмыстар жүргізілген. Шетпеде 1998 жылы 15 адамдық тамақтандыру орнын ашып, 2005 жылы оны ұлғайтып 60 адамдық кафе ашып халыққа абыройлы қызмет етті. Ал бүгін оны 100 адамдық орынға үлкейтіп, басқа да қызмет түрлерін халыққа ұсыну үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.2003 жылы ғимаратты жалға алып бастаған кәсібінің бастысы – нан өнімдерін шығару еді. Бір пеш пен 1 қамыр илегішпен бастаған жұмысындағы түрлі қиындықтарды көре жүріп өндірісті дамыту үшін, 2007 жылы наубайхананың жаңа құрылысын бастауды қолға алады. Қос қабаттан тұратын ғимараттың технологияны сақтай отырып талапқа сай болу үшін, кәсіпкер талай мамандардың есігін тоздырды, ақыл сұрады. Ол кездерде ауылдық жерлерде құрылысты жоба жасамай ақ сала беретін кез болатын. Соған қарамастан арнайы мамандарға жоба сыздыртып, құрылысқа рұқсат қағаздарымен, заңды түрде құрылысты сапалы қылып салады. Құрылыс жұмысы жүріп жатқан тұста кәсіпкер құрылыстың басы қасында болып іргетастың дұрыс құйылуын, кәріз жолдарын, тоқ жүйелерінің құймалардың астынан қауіпсіз жүргізілуі үшін қатты қадағалау жасады. Он жыл өтсе де күні бүгінге дейін құрылыста кінәрәт жоқ, өте сапалы жасалған, әрине бұл жерде кәсіпкердің техникалық жоғары оқу орнында оқып, маман болуының да пайдасы тигенін айта кеткен жөн.

Ол Түріктің «КУМКАЯ» фирмасымен келісім шартқа отырып түрік технологиясын сатып алады. Оны арнайы мамандар келіп монтаждап құрып береді. Содан соң арнайы маман-технологты шақырып барлық нанның түрлерін шығаруды үйренеді. Нан өнімі сапалы әрі өте дәмді, халықтың сұранысына ие болып отыр. Наубайхана ХАССП жүйесімен жұмыс жасайды. Барлық өнім түрлеріне ЕАС - кедендік декларация, сертификаттар алынған. Формадағы нан, сүт нан, багет нан, бородинскиий нан, столичный нан, президентский нан, ай нан, нан косички, жүрек нан т.б сонымен қатар булочкалар түрлері: майский, рогалики, маковка, ватрушка, детский, бәліштер, самсалар - осы өнімдер ауылда сұранысқа ие. Компанияда 20 адам жұмыс жасайды, уақытында зейнетақы және әлеуметтік аударымдар аударылады.

Кәсіпкер 5-ші шақырылым бойынша сайланған аудандық мәслихаттың депутаты бола жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты, аудандық "Жастар саясаты" орталығы, аудандық жұмыспен қамту орталығы және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз байланыста. Мүжәлсіз отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп, мектепке жол акциясына қатысып аз қамтылған отбасы балаларына киім кешекпен, тәттілермен қамтамасыз етед. Ол еселі еңбегі үшін 2009 ж. Маңғыстау ауданы әкімнің Алғыс хаты, 2011ж. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысының 40 жыл мерекелік медалімен, Президент жарлығымен Қазакстан халқы Ассамблеясына 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған. Бұдан бөлек, 2014 ж. ҚР Инвестициялар және Даму министрі Ә.Исекешовтың Алғыс хаты,

2015 ж. Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен, 2015 ж. Нұр Отан партиясының Төрағасы Бауыржан Байбектің Алғыс хатымен мадақталған.

Бүгіңде Түймеш Базарқызы МО ҚХА аналар кеңесінің Маңғыстау ауданы бойынша төрайымы. Ол үнемі қайырымдылық жұмыстарға белсенді араласып, ел-жұрты көмекке мұқтаж уақытта қол ұшын созатын қайырымды жандардың қатарында.



  • |  Просмотров: 25  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:27-10-2021, 11:31  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: