Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

САДАҚ АТУ – МЕРГЕНДІККЕ, ШЫДАМДЫЛЫҚҚА, МЫҚТЫЛЫҚҚА БАУЛИТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

NurOtan партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасының орынбасары, қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Айсұлу Исаева Қала күні қарсаңында қаламыздан ашылған садақ ату орталығында болды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, қала күніне орай «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбында қала көлеміндегі арнаулы оқу орындары арасында 2005-2006 жылы туылған, 1 курс студенттері арасында ұлттық ойын – садақ атудан сайыс өткізілді. Садақ ату орталығының жетекшісі – кәсіпорынның №3 мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкері С. Мұратова.

Мақсаты: Ұлттық құндылық – ұлттық ойындарымыз туралы білуге, қадірлеуге, дамытуға, жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Ұлттық ойындарды жандандыру арқылы қазақы дәстүрді дәріптеп, дамытуды мұрат тұтқан қалаға танымал меценат И.А.Қалдамановтың демеушілігімен ұйымдастырылған игі іске сайысқа қатысушы студенттер, көрермендер де риза болды.



  • |  Просмотров: 29  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-10-2021, 11:27  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: