Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ш.Есенов колледжі студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

«Мәдениет-рухани жаңғырудың, ұлттық кодтың негізі» тақырыбында Ш.Есенов колледжі студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ұлттық кодтың негізі туралы ойларын ортаға салған студенттер шара қонақтарына көкейіндегі сұрақтарын жолдады. Жиын барысында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова жастарға бүгінгі тақырып бойынша бағыт-бағдар берді.«Бүгінде код сөзі кеңінен қолданылуда. Мағынасы да терең, құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болады. Яғни, қа­зақтың ұлттық коды деп халқымыздың жаратылысын, әдебиеті мен мәдениетін рухани бітімін, салты мен дәстүрін ай­қындайтын тұстарды меңзейді. Тарихи тамыры кең жайылған ұлтымыздың бүгінге дейін жоғары баға­ланатын қасиеттері, солардың сы­ғымдалып тұжырымдалған фор­му­ла­сы қазақтың ұлттық бол­мы­сының құпия сырын айқындай түскендей.

Халқымыздың ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан.

Ұлттық құндылықты дәріптеп,салт пен дәстүр сабақтасқан құнды тарихымыз бағзы заманнан бері қалыптасты. Ұлттық код дегенміз-бар құпиямызда осы да.Ал бұл сабақтасты одан әрі жалғай түсу ол біз бен сізге жүктелген міндет»-деді Амангүл Жайылханова. Іс-шараны ұйымдастырған колледж директоры Айнагүл Жұмағали мен ұйымдастырушы педагог Сәндігүл Ержанованың мәлімдеуінше, жастармен пікір алмасып, ой бөліскен танымдық мұндай шара осымен аяқталмақ емес, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.



  • |  Просмотров: 29  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-10-2021, 11:21  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: