Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды. Бұл жағдай елімізде 2020 жылғы 1 мамырға дейін созылды.

Төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге байланысты, Қазақстан халқы Маңғыстау облысы Ассамблеясы медиация кабинеті өз қызметін қашықта жалғастыруда.Әлеуметтік желілерде облыс, қала және аудан медиаторлары халықты үйде отыруға, карантин кезіндегі ережелерді қатаң сақтап, жұмыла көтерген жүк жеңіл болатынын насихаттауда.Төтенше жағдай кезіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық күрт өскені байқалады. Осы бағытта ішкі істер басқармасымен шағын аудандарындағы полиция қызметкерлерімен телефон арқылы тығыз байланыста, шұғыл көмек көрсетілуде.

        Медиация кабинетіне үш балалы жас ана қоңырау салып, төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге байланысты үйде отырған жолдасы ішімдікке салынып,отбасы берекесін бұзып отырғанын, айтуға ұят әрекеттерге барып отырғанын және өзінің баратын жері жоқ екенін айтып шағым жасады. Медиация кабинеті менгерушісі полиция қызметкерлеріне хабарлап жолдасына ескерту жасалып, жас анаға балаларымен бірге басқа пәтерге уақытша орналастырды. Төтенше жағдай аяқталған соң, бұл отбасымен жұмыс жалғастырылады.

Казіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп,балалармен арнайы жеке үйде тұрып жатқан 7 анаға медиация кабинеті атынан, ұн және балаларға арналған арнайы сүт жеткізілді.

   Медиация кабинеті меңгерушісі де, осы еліміздегі төтенше жағдай кезінде, бір айлық жалақысы есебінен мүгедек баласы бар жас отбасына дәрі-дәрмек сатып алып берді.

         Медиация кабинетіне қоңырау шалған азаматтарға келсек, көбі төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге байланысты жұмысынан айырылған,жұмыссыз үйде отырған, аз қамтылған отбасы,асыраушысынан айырылған және т.б. Барлығына нақты жауаптары беріліп кандай көмектер алуға болатынын түсіндіріліді. Кей жағдайларда олар үшін онлайн режимде қажетті құжаттарды дайындауға көмектесті.

       Қазіргі таңда елімізде «Nur Otan» ХДП-сы бастауымен "Біз біргеміз!" акциясы аясында, облыстық партия коғамдық қабылдау бөлімі мен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетіде тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын бастады. Медиация кабинетіне қоңырау салған отбасыларға осы акциядан тиісті көмек алуға ықпал етті.

Жалпы медиация кабинетіне қоңырау салған азаматтар саны - 45 адам;

Кеңес берілгендер а саны – 32 адам;

Тікелей эфирде Төтенше жағдайға байланысты ҚР Президентінің Жарлығын халыққа түсіндіру, кеңес беру -1;

Әлеуметтік желілерде жарияланған посттар -7;

Кеңес берілгендер саны – 32 адам;

Медиация кабинеті атынан қайырымдылық көмек алғандар - 9 адам.

 

Саталиева Сания Тулебаевна

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының

«Медиация» кабинеті меңгерушісі

 



  • |  Просмотров: 278  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:24-04-2020, 17:36  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: