Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Достық үйінде Ішкі істер департаменті өкілдерінің этномәдени бірлестік өкілдері белсенділерімен кездесуі өтті.

Жиынның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылау.

Шараға Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы – Шамгунова Лариса Тлемисовна, Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі – Айдаров Серік Бердіғалиұлы, МО полиция департаменті көші-қон басқармасының бастығы, полиция подполковнигі – Бастаубаева Гүлшара Камелханқызы, этномәдени бірлестік төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері мен «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.



  • |  Просмотров: 481  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-01-2019, 14:30  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите два слова, показанных на изображении: