Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы
Бүгін «Достық үйі» ғимаратында облыс әкімі С.Ө.Трұмовтың төрағалығымен, «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті.
Отырыс жұмысына Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Серікбай Трұмов, әкімнің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, азаматтық қоғам институттарының өкілдері: саяси партиялар, ҮЕҰ, оның ішінде этномәдени бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық байланыс орталығы болып табылады. Бүгінде, облысымызда 60-тан аса ұлт өкілі, сонымен қатар, мәдениет, тіл, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты насихаттайтын 20 этномәдени бірлестік және Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы, Ғылыми сараптамалық топ, Кәсіпкерлер қауымдастығы, медиация кабинеті жұмыс істейді.
Облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қабылданған шешімге сәйкес Ассамблея мен оның кеңесінің құрамы жаңартылды. Атап айтқанда, ҚХА-ның аймақтық құрамын жасарту және жаңарту мақсатында ротация қағидаты қолданылды. Осылайша, этномәдени бірлестіктердің 9 төрағасы одан әрі жұмыс істеу үшін төрағалықты өз бірлестіктерінің белсенді мүшелеріне берді.
Этномәдени бірлестіктер мүшелеріне оларды белсенді қоғамдық қызметі және ұлттық бірлікті нығайтуға, қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін облыстық Алғыс хат табыстады.
Облыс әкімі Облыстық Ассамблея басшылығындағы түрлі этностардың жыл сайынғы өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын облыстың этномәдени бірлестіктерінен «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы және "Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығы", Ирина Беляева жаңадан екі қоғамдық орынбасары етіп тағайынды.

 



  • |  Просмотров: 21  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-06-2021, 10:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: