Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Достық үйі

Бүгін "Достық үйі" ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "30 игі іс" акциясы аясында кезекті "Қуанышты күн" қайырымдылық шарасы өтті.
Әр айдың соңғы жұмасында Достық үйінде қайырымды жандар мен еріктілердің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған "Қуанышты күн" акциясы өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу, оларды қоғамдық өмірге тарту және қуанышты күн сыйлау.
Бүгінгі акция аясында Салтанат Исмаилова балаларға емдік массаж сеанстарын өткізді. "Babor" салонының шебері Александра Башкатова балалар мен аналарға сәнді шаштар жасады. Сондай-ақ, Ақтау қаласының "Бекет-ата" қалалық мешіті балаларды дәмді тағамдармен қуантты.
Осылайша қайырымды жандар балаларға жағымды эмоциялар мен бақытты күн сыйлады. Өз кезегінде бүлдіршіндер мен олардың аналары алғыстарын білдірді.
Әлемдегі әр бала бақытты болсын!

Достық үйі

 

Достық үйі

 

Достық үйі

 

Достық үйі

 

 



  • |  Просмотров: 25  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-06-2021, 10:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: