Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Отбасылық сот

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы С.С.Махамбетова “Отбасылық сот” пилоттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласы АХАТ бөлімінің ғимаратында орналасқан “Отбасылық кеңес беру” орталығында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Билер кеңесінің мүшесі Өтебаев Майлыбай, кәсіби медиатор Райыс Мухашева, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Раушан Алиева, Жаңаөзен қаласы АХАТ бөлімнің басшысының уақытша м.а. Каленова Мая, “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Исаева Айсұлу, Жаңаөзен қалалық политехникалық колледжі ғимаратында орналасқан “Аналар кабинеті” өкілі Балымбетова Гульзат қатысты.
Судья С.С.Махамбетова іс-шараның негізгі мақсаты – отбасын сақтау, балалардың толық отбасында тәрбиеленуі және оларға қиын өмірлік жағдайларда тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, аталған пилоттық жоба ажырасуға беретін ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек көрсету және соттарда татуласуды қолдану арқылы неке бұзу санын азайту және бала мүддесін жақсартуды қамтамасыз етуді көздейтінін айтты. Сонымен қатар, отбасының ажырасу себептері мен олардың алдын алу мәселелері айтылды.
Іс-шараға қатысушылар дауды сотқа дейін татуластыру мақсатында бірігіп ортақ жұмыстарды арттыру қажет екендігі, отбасылық даулар бойынша жиі туындайтын мәселелерді талқылып, пікір алмасты.
Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі.

Отбасылық сот

 

Отбасылық сот

 

Отбасылық сот

 



  • |  Просмотров: 27  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-06-2021, 17:48  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: