Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі, ҚХА төрағасы С.Трұмовтың қатысуымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті.
Жиынға саяси партиялар, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Басқосуда сөз алған аймақ басшысы жиналғандарды алқалы жиынның негізгі мақсатымен таныстырып, Тәуелсіздіктің 30 жылында облыста атқарылған елеулі істерге тоқталды.
«ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамуы – елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігінің нәтижесі»,-деп атап өткендей 30 жылда татулық пен тұрақтылықтың арқасында толағай табыстарға қол жеткіздік. Мемлекетіміздің дамуы мен елдің еңсесін тіктеуіне түбекте жатқан Маңғыстау облысының да қосқан үлесі зор. Тәуелсіздік алғалы жеткен басты жетістігіміз – өңір тұрғындарының саны екі есе өсіп, бүгінде облыс халқы 720 мыңға жетті. Бала туу көрсеткіші артты. Халық санының көбеюіне байланысты қалаларымыз өсіп, жаңа ауылдар мен тұтас бір аудан пайда болды. Мұнайлы ауданы - еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы аудан. Ол кезде аудан халқының саны 53 мың болған. Бүгінде Мұнайлыда 174 мың адам тұрады»,-деді С.Трұмов.
Тәуелсіздік жылдары өңірдің әлеуметтік саласында да оң өзгерістер орын алды. Мәселен, 1991 жылы өңірде 151 балабақша жұмыс істесе, 2020 жылға қарай олардың саны 311-ге жеткен. Сонымен қатар, орта білім беретін мектептер саны 1,5 есе өскен. Қазір аймақта 140-тан астам мектепте оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беріліп датыр.
Денсаулық сақтау саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, өңірде жоғары медициналық технологияларымен қаруланған, тәлімі зор, тәжірибесі мол мамандары бар емханалар, ауруханалар ашылды. Егемен алғаннан бері облысымызда 150-ден астам денсаулық сақтау нысаны іске қосылған.

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ

 

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ

 

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ

 



  • |  Просмотров: 40  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:29-06-2021, 17:42  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: