Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

18 ақпан «Бейбітшілік және келісім» ашық сабағына №16 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Айгүл Төреғалиева мен Марина Нұрабаева 20 оқушыны «Достық үйінде» қарсы алды. Балаларға ашық сабақ жүргізіп, Қазақстан халқы Ассамблеясымен таныстырды. Викториналық сұрақтар қойып, естелікке сыйлықтар тарту етті.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ


  • |  Просмотров: 713  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-02-2017, 22:41  |  
  •   |