Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

Бүгін «Достық үйінде»  Ақтау қаласының №4 орта мектебінің 10 сынып оқушылары үшін кезекті ашық сабақ өтті. Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау облысының жастарына арналған «Бейбітшілік және келісім» атты ашық сабақ ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап әр сенбі сайын өтуде. Ашық сабақтың мақсаты – өскелең ұрпақтың білімді, қоғаммен тығыз байланыста, өзге ұлттармен бейбіт қарым-қатынаста болуына ықпал ету. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы мәліметтерді біле жүріп, оның мәні мен мақсатын ұқтыру.

«Қоғамдық келісім» КММ мүшелері мектеп оқушыларын құшақ жая қарсы алып, оларды «Достық үйіне» сапарлатты. Алдымен ғимараттың ең ғажап жері мұражайға кіргізіп, әр ұлттың мәдени құндылықтарымен таныстырды. «Қоғамдық келісім» негізін салушылардың бірі Жаздырхан Сейдалиевке арналған бұрышқа жеке тоқталып, оның өмірі мен сіңірген еңбектері жайында айтты. Оқушылар мұражайдағы түрлі экспонаттар мен өзге ұлттардың тарихи-ұлттық құндылықтарын ұнатып, таңдана қарады. Олар мұражайдан басқа кітапхана, медиация кабинеті, жиын залы, 21 ұлт өкілдерінің кабинеттері сияқты бөлмелермен танысты. Кейін акт залына кіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнероликті тамашалады. Оқушылар, республикамыздағы өзге ұлттар, олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, еліміздегі тарихи кезеңдер мен атаулы мерекелер туралы көп мағлұмат алып, білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, әңгіме-сұхбатқа белсене қатысты. Дәстүр бойынша берілетін сыйлықтардан да құр қалмады.  Кездесуде арнайы шақырылған қонақтар да болды. Олар – Атырау қаласының «Ахыска түріктері» орталығының басшысы Әбубәкір Мурадов пен оның қызы Джан Мурадова. Ақтауға іссапармен жолы түскен қонақтар оқушылармен біраз әңгіме құрды. Ақтау қаласының ерекше әдемі екенін айтып, ұнатқандарын жасырмады. Төрт тілде еркін сөйлейтін Джан ханым оқушыларға тілді меңгеру сырларымен бөлісті. Өмірлік тәжірибесін мысалға ала отырып, бірнеше кеңес айтты. Оқушылар қонақтардың сөзін ерекше ықыласпен тыңдап, мотвация алды. Кездесу соңында олар ашық сабақ пен кездесудің жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Достық үйіне» жиі келіп тұрамыз деп, қоштасты.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ
«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ  

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1072  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-10-2016, 16:46  |  
  •   |