Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. 
⠀ 
ШАРТТАРЫ:⠀ 

1. Постта жетістіктер, қызықты бастамалар мен жаңалықтар туралы жазылуы тиіс; азаматтық ұстанымын көрсету және айналаға позитив таратып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуі тиіс. 
2. Постты жарияланымның тақырыбына сәйкес келетін фотосуретпен, бейнесюжетпен сүйемелдеуге болады. Постты бағалау кезінде мәтіннің мазмұнына, оның көркемдік-стилистикалық құндылығына мән берілетін болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы әлеуметтік желілерде «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан менің үлесім» атты конкурс жариялайды.

25-10-2018, 16:10



Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-сі, 2017 жылдың 2 мамырынан бастап журналистика саласы бойынша облыстық «Шаңырақ» конкурсын жариялайды. Конкурсқа белсенді қатысуға өңіріміздің радио, телевидение журналистерін, блогерлерін шақырамыз! Конкурстың ережесі тіркелген. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  Достық Үйінде ү.ж. 22 маусым күні  өткізу жоспарлануда. Қатысып, өз бағыңызды сынаңыз!

Шаңырақ

8-06-2017, 16:55



Сіздерді ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмеге шақырамыз! Көрме 14 ш/а, «Достық үйі» ғимаратында 9:00-18:00 аралығында 1 апта бойы жалғасады.

Маңғыстау облысының құрметті тұрғындары!!!

30-11-2016, 08:37



Құрметті, Маңғыстау облысының жастары!

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Менің елім – Мәңгілік ел», «Ұлы Дала тарихы» Республикалық жастар акциялары аясында, Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл жастары арасында флеш-моб ұйымдастырылады. Республикалық флешмобқа Маңғыстау облысының жастарын ат салысуға шақырамыз. Флеш-мобқа қатысу үшін INSTAGRAM, FACEBOOK, ВКОНТАКТЕ әлеуметтік желілерінде #MangilikEl #MangilikElZhastary #МәңгілікЕл #МәңгілікЕлЖастары хештегін пайдалана отырып, Тәуелсіздіктің жетістіктері, Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жеке басыңыздың жетістіктері туралы посттар жариялау қажет. Яғни сіздер, жоғарыда көрсетілген хештегтерді қолданып, әлеуметтік желілердегі өзіңіздің парақшаңызға кішігірім мақала немесе қызықты посттар жазып жариялайсыздар. Флешмоб қараша айының 16 жұлдызына дейін жалғасады. 17 қараша ең үздік посттар мен авторлары анықталып, жастардың Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы жазылған «Мәңгілік Ел» Кітабына енгізілетін болады. Акция қорытындысы бойынша, кітап Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа табысталады. Акцияның жүзеге асуына үлес қосып, Маңғыстау өңірі атынан белсенділік танытыңыздар!

Ұйымдастырушылар алқасы: МОӘА «Қоғамдық Келісім» КММ

Байланыс құралдары: 43-10-73

Эл-пошта: 305053@bk.ru

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

7-11-2016, 20:16



Хабарландыру

23-09-2016, 10:46



2016 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларының әр сенбі күндері, сағат 08.00 – 09.00 аралығында Ақтау қаласының 15 ш/а теңіз жағалауында «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты таңертеңгілік дене жаттығуларын жасау-сауықтыру шаралары өткізіледі. Жаттығуға Ақтау қаласының барлық тұрғындары мен жастары қатыса алады.

Ұйымдастырушылар: Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі; Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы

Хабарландыру

8-09-2016, 11:35



Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақ радиосы проза және поэзия жанрында қалам тартып жүрген жасөспірім таланттарды іздейді. «Менің елім – мәңгілік ел» атты республикалық радиобайқауына еліміздегі жоғары сынып оқушылары қатыса алады. Жазылған новелла, эссе болмаса өлеңдеріңізді мына мекенжайға жолдаңыздар: Астана қаласы. Д.Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы», Қазақ радиосы.

Толық ақпарат алу үшін 55-37-79 телефонына хабарласыңыз. Астана қоды: 8 (7172). Байқаудың ережесі «Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының www.kazradio.kaztrk.kz және Қазақстан халқы Асссамблеясының www.assembly.kz веб-сайттарында жарияланған.

«Менің елім – мәңгілік ел» радиобайқауы таланттарды тосады. Арманыңа асық, оқушы дос!

 

«Менің елім – мәңгілік ел» радиобайқауы таланттарды тосады.

19-08-2015, 23:42



Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ға қарасты Қазақ радиосы

өткізетін

«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ»

атты балалардың республикалық шығармашылық радиобайқауының

ЕРЕЖЕСІ

«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ» атты балалардың республикалық шығармашылық радиобайқауының ЕРЕЖЕСІ

19-08-2015, 13:55