Маңғыстау облысының Достық үйіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Наталья Дементьева жұмыс сапарымен келді.
Сапардың негізгі мақсаттарының бірі Маңғыстау облысының Аналар кеңесімен кездесу болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі-іс жүзінде еліміздің әрбір елді мекенінде өз қызметін жүзеге асыратын Ассамблеяның негізгі құрылымдарының бірі. Негізгі міндеттері-өз халқы мен мемлекетінің тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін, тілін білетін толыққанды мәдени тұлғаны тәрбиелеу, сондай-ақ этносаралық келісімді ілгерілету.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Маңғыстау облысы ҚХА мүшелерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Маңғыстау облысы ҚХА мүшелерімен кездесті

27-05-2022, 16:47



Жұмыс сапарының келесі кездесулерінің бірі "Маңғыстау Медиа" ЖШС ұжымымен өтті.
Күн тәртібінде 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған жаңа конституциялық түзетулер мен реформаларды түсіндіру болды. Конституциялық реформаның саяси мәні - бұл суперпрезиденттіктен конституциялау негізінде Президенттік басқару нысанына көшу, яғни екінші республикаға заңды күш беру.
Наталья Дементьева Коституциядағы негізгі түзетулерде толығырақ тоқтап және референдумға қатысты толық жауаптар берді.
Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Наталья Дементьева келді.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Наталья Дементьева келді.

26-05-2022, 16:45



Ақтауда Кәріс Республикасы Елшілігінің кәріс мәдени орталығының ұйымдастыруымен кинофестиваль өтті.
Іс-шараға 350-ге жуық адам қатысты, фестиваль қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Шара басталар алдында «АК KALA MАLL» сауда ойын-сауық орталығында кинотеатр холындағы ақпараттық стендте Корея туралы түрлі материалдар таратылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар үшін Орталық «кальмар ойыны» сериясынан кейін танымал болған «талгонапопги» ойынын, сондай-ақ Кәріс туралы білімге арналған «минуттық викторина» ұйымдастырды.
Кәріс киносының фестивалі өтті

Кәріс киносының фестивалі өтті

24-05-2022, 16:42



Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хамедов Абилфас өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Атап айтқанда, Ассамблея жастарымен, волонтерлік ұйымдармен, ҮЕҰ өкілдерімен.
Кең ауқымды мәселелер бойынша ашық диалог өтті. Жастарды білім мен мәдениетке бағыттайтын белсенді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, жиында жастарға спортқа, мәдениет пен тәрбиеге көбірек көңіл бөлу керектігі айтылды. Атап айтқанда, көбірек спорт секцияларын ашып, оған өскелең ұрпақты тарту қажеттігін айтты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хамедов Абилфас өңірдің белсенді жастарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хамедов Абилфас өңірдің белсенді жастарымен кездесті

20-05-2022, 16:40



Ш.Есенов университетінде «Маңғыстау Этносферасы» іс-шаралар циклі аясында «Қазақстан-Үндістан: мәдениеттер диалогы» тақырыбындағы кітаптар мен мерзімді басылымдардың тұсаукесері өтті. Іс-шараны Ш. Есенов университеті жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және Маңғыстау облысының «Salem-Namaste» үнді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Есенов университетінің және «Salem-Namaste» үнді этномәдени бірлестігінің басшылары, ҚР-дағы Үндістан елшілігінің өкілдері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Salem-Namaste» үнді этномәдени бірлестігі «Қазақстан-Үндістан: мәдениеттер диалогы» тақырыбындағы басылымды таныстырды

«Salem-Namaste» үнді этномәдени бірлестігі «Қазақстан-Үндістан: мәдениеттер диалогы» тақырыбындағы басылымды таныстырды

19-05-2022, 16:37



Достық үйінде «Жеңіс бәрінде бір» атты мерекелік естелік концерт өтті. Іс-шараны беларусь этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараға облыстың этномәдени бірлестіктері, ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, ҚХА шығармашылық ұжымдары, Ассамблея жастары, қала тұрғындары қатысты.
Достық үйінің холында оркестр қонақтарды қарсы алды, сондай-ақ қонақтарға Қазақстан батырлары туралы фотогалерея ұсынылды. Бұл фотоматериалдар Беларуссия мемлекеттік Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайында және "Брест батыр бекінісі" мемориалдық кешенінде алынды.

«Жеңіс бәрінде бір» атты мерекелік естелік концерті

11-05-2022, 16:34



9 мамыр - бұл ерекше мереке, онда орны толмас шығындар мен Ұлы Жеңістің орасан зор қуанышы туралы жан азабы бірікті. Біздің қымбатты ардагерлерімізге тағзым және оларға жеңіс үшін, ұлы, өшпес ерлігі үшін және рухының күші үшін шынайы алғыс сөздер!
9 мамыр - бұл ерекше мереке, онда орны толмас шығындар мен Ұлы Жеңістің орасан зор қуанышы туралы жан азабы бірікті.

9 мамыр - бұл ерекше мереке, онда орны толмас шығындар мен Ұлы Жеңістің орасан зор қуанышы туралы жан азабы бірікті.

9-05-2022, 16:32



Достық үйінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Әскери - теңіз Күштерінің негізін қалаушы, Әскери теңіз Күштерінің бірінші Бас қолбасшысы, Батыс округінің бұрынғы қолбасшысы, Қорғаныс министрінің және Маңғыстау облысы әкімінің экс орынбасары Ратмир Комратов арнайы қатысты.
Салтанатты жиында аймақ басшысы ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.
- Құрметті ардагерлер Сіздерді ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан елдің тұтастығына, оның беріктігіне, саяси тұрақтылығына, қоғамдағы келісімге үлкен көңіл бөледі.
Өңер басшысы Нұрлан Ноғаев ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Өңер басшысы Нұрлан Ноғаев ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7-05-2022, 16:30



ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер мен өзгертулер бойынша референдум өтпек. Облыстық қоғамдық штаб мүшелері маңғыстаулықтарды аталған шараға белсене қатысуға шақырды.
Қоғамдық штабтың төрағасы, “Инвесторлар қауымдастығы “Caspian investments” заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Бекмұрат Жүсіповтың айтуынша, Референдум нәтижесінде қазіргі конституциядағы 30-дан астам заңға жаңа өзгеріс енгізілмек. Бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын арттырмақ.
Қоғамдық штаб тұрғындарды бүкілхалықтық референдумда дауыс беруге шақырды

Қоғамдық штаб тұрғындарды бүкілхалықтық референдумда дауыс беруге шақырды

6-05-2022, 16:28



Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, Достық үйіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері мен олардың балалары келді. «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері балалар мен ата-аналарға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтып, «Достық үйінің» мұражайын, кітапханасын аралатты.
«Татулық – бірлік нышаны»

«Татулық – бірлік нышаны»

4-05-2022, 16:25