ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА

«ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып  өткізіледі.

Журналистика саласында шаңырак шығармашылық конкурсы жарияланды

8-09-2016, 22:17