Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Жазда демаламыз, бірақ кітап оқуды ұмытпаймыз!» атты іс-шара өтті
Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы-композитор Абай Құнанбаевтың туған күні. Осыған орай, 4 тамыз күні Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қалалық орталық кітапханасымен бірлесіп «Жас қанат» жастары арасында «Жазда демаламыз, бірақ кітап оқуды ұмытпаймыз!» атты іс-шара өткізді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты - жастарды патриотизмге баулу, азаматтыққа тәрбиелеу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және жастарды Абай шығармашылығымен таныстыру.
Іс-шараның арнайы қонағы Белорус этномәдени бірлестігінің өкілі Гусейнова Галина Александровна жастарға ақынның туындысынан үзінді оқып берсе, кітапхана қызметкері Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан құралған слайд-презентация көрсетіп, жастарға кітапхана жанынан арнайы ашылған көрмемен таныстырды.
Ал, МО АӘ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері айтылған ақпарат бойынша қызықты викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар ұсынды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
- | Просмотров: 1137 |
- Комментариев: 0 |
- Дата публикации:7-08-2017, 11:21 |
- |