Ұлы Жеңіс үшін рахмет!

Ақтау қаласыдағы медициналық колледжінде, белоурс этномәдени бірлестігінің төрайымы Гусейнова Галина Александаровнаның бастамасымен, соғыс және еңбек ардагерлері Юсупова Сания мен Устинова Нина Ивановнамен кездесу өтті.

Кездесу кезінде өзара ыстық пейілде, тәлім тәрбиелік маңызы зор, патриоттық тәрбиенің жастар бойына сіңіру бағыты бойынша  сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Белорус этномәдени бірлестігі мен мелициналық колледждің атынан ардагерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен бірге студенттердің атынан концерттік бағдарлама дайындалды. Жастар еліміздегі бейбітшілік пен татулық үшін, Ұлы Жеңіс үшін өз алғыстарын білдірді.

«Әрқашанда тату тәтті өмір сүріңдер! Отанымызды қорғаңдар, туғандарығңызды аялаңыздар! Қазақстанымыз бай бақұуатты болсын! » - деді ардагерлер өз сөздерінде.

Ұлы Жеңіс үшін рахмет! Ұлы Жеңіс үшін рахмет! Ұлы Жеңіс үшін рахмет!

 



  • |  Просмотров: 801  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:5-05-2017, 13:01  |  
  •   |