Достық үйіне Ираннан қонақтар келді.

11 сәуір күні Иранның әскери теңіз флоты тәжірибе алмасу мақсатында Ақтауға бейресми сапармен келді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті.

12 сәуір әскери теңіз флотының 70-ке жуық өкілі Достық үйіне келді. Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен қонақтарды арнайы дастархан әзірлеп, аса қонақжайлылықпен қарсы алды. Қазақ халқының ұлттық сусыны қымыз бен бауырсақ тартылды.

Этномәдени бірлестік өкілдерінің алғы сөздерінен кейін, қонақтарды Достық үйіне экскурсиялауға шақырды.  Іс-шараның соңында қонақтар Қазақстан туралы шағын бейнесюжетті тамашалады. Иран әскери флотының құрметті басшыларына «Қоғамдық келісім» тарапынын сый-сыяпаттар да тарту етілді.

Сонымен қатар, Ирандық қонақтарға  М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Достық үйіне Ираннан қонақтар келді. Достық үйіне Ираннан қонақтар келді. Достық үйіне Ираннан қонақтар келді.


  • |  Просмотров: 809  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:14-04-2017, 20:42  |  
  •   |