ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ІС-ШАРАСЫ
15 ақпан күні Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық үйінде» этностардың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында іс-шара өтті. Оған мектепке дейінгі балалар Ассамблеясының «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойындар туралы түсінік беру, ұлттық ойындарды қолдана отырып, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, қимыл-қозғалыс арқылы балалардың денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару.Бір-біріне деген сыйластыққа, қамқорлық қарым-қатынас нығайту, еркіндікке, батылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер қазақ халқының – «Жайлау тартыс», орыс халқының – «У медведя в обору», беларусь халқының – «Посади кортошку», украин халқының – «Мылын» ұлттық ойындарын ойнады. Балабақша тәрбиешілері әр ойынның шарттары мен міндеттерін түсіндірді. Ойындардың мағынасы мен ерекшеліктері де зор.
Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы балаларға бағалы сыйлықтар табыстады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
- | Просмотров: 1654 |
- Комментариев: 0 |
- Дата публикации:15-02-2017, 10:28 |
- |