МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2017 жылдың 7-9 ақпан аралығында Ақтау қаласының мектептерінде «Медиация негіздері: Мектеп ішіндегі медиацияның дамуы» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Ақтау қалалық білім бөлімінің басқармасымен бірлесіп  түсіндіру жұмыстарын №1,4,8,14,20 және 22 орта мектептерінде өткізді. Оған мұғалімдер, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық келісім саласындағы  дамыту бағдарламаларын іске асыру аясында Республика өңірлерінде Медиация бағыттарын насихатау жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облысы бойынша медиацияны дамыту мақсатында «Достық үйінде» «Қоғамдық келісім» КММ жанында Медиация кабинеті ашылды. Сондай-ақ сенім телефоны қызмет жасайды: 43-10-74.

Сонымен қатар, құрамына кәсіби  және қоғамдық медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Достық Үйінің қызметкерлері кіретін ақпараттық-насихаттау тобы құрылған болатын.

Кездесулерде спикерлер ретінде ақпараттық топтың мүшелері қатысады. Олардың баяндамаларының негізгі тезистері - медиация принциптерін және оның қолданылуын түсіндіру. Сондай-ақ ҚР Президентінің халыққа Үндеуі мен Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау.

МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ «МЕДИАЦИЯ» ТУРАЛЫ САБАҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ


  • |  Просмотров: 899  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:8-02-2017, 19:00  |  
  •   |