Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

4 ақпан Ақтау қаласының №14 орта мектебінің 8 және 9 сынып оқушылары (жалпы 41 оқушы) «Достық үйіне» қонаққа келіп, «Бейбітшілік пен келісім» ашық сабағына қатысты.

Сонымен қатар, Австралия мен АҚШ елдерінен де қонақтар келді. Ақтау қаласындағы «Eton House» халықаралық мектебінде бастауыш сынып оқушыларына дәріс беруге келген Джоанна ханым мен Аманда ханымды «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы арнайы шақырды.

"Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері Самира Абдуллаева  мен Ләззат Құтжанова қонақтарды қарсы алып, «Достық үйіне» сапарлатты.

Олар қонақтарға медиация, «Жас қанат», этномәдени бірлестіктер бөлмелерін көрсетті. Кітапхана тіршілігімен таныстырды. «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасап әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен көрнекіліктерін тамашалады. Самира Абдуллаева әр түрлі халықтардың тарихы туралы біраз ақпарат берді. Салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы айтты. Тарихи әрі бағалы бұйымдарының сырын түсіндірді. Ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылар өзге ұлттар туралы мәліметтерді ұйып тыңдады. Сұрақтарын қойып, жақсы әңгімеден әсер алды. Содан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктері туралы дәріс өтті. Дәріс соңында оқушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылды. №14 гимназиясының оқушылары аса белсенділігімен ерекшеленді. Қойылған сауалдарға жарыса  жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Шет елдік қонақтармен ағылшын тілінде диалог жүргізді. Олар керемет әсерлерімен бөлісіп, «Қоғамдық келісім» мекемесіне алғыстарын айтты.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ
«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ
«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ
«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ        

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 774  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:4-02-2017, 17:00  |  
  •   |