Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

Кезекті «Бейбітшілік пен келісім» ашық сабағына Ақтау қаласының № 13 гимназиясының 8 сынып оқушылары келді. Жалпы 34 оқушы «Достық үйінде» қонақта болып, экскурсия жасады.

"Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері Сания Тулебайқызы  мен Аянгүл Бекболатқызы және Маңғыстау облысы «Алан» Осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле  мектеп оқушыларын құшақ жая қарсы алды.

Олар қонақтарға медиация, «Жас қанат», этномәдени бірлестіктер бөлмелерін көрсетті. Кітапханада үштілдік диалогын жүргізді. «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасап әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен көрнекіліктерін тамашалады. Фатима Биркле оқушыларға осетин халқының тарихы туралы біраз сыр шертті. Салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы айтты. Осетиндердің ұлы тұлғаларымен таныстырды. Тарихи әрі бағалы бұйымдарының сырын түсіндірді. Ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылар осетин халқы туралы мәліметтерді ұйып тыңдады. Сұрақтарын қойып, жақсы әңгімеден әсер алды. Содан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктері туралы дәріс өтті. Дәріс соңында оқушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылды. №13 гимназиясының оқушылары аса белсенділігімен ерекшеленді. Қойылған сауалдарға жарыса  жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Олар керемет әсерлерімен бөлісіп, «Қоғамдық келісім» мекемесіне алғыстарын айтты.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ      

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

  • |  Просмотров: 797  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-01-2017, 10:14  |  
  •   |