«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

Кезекті «Бейбітшілік пен келісім» ашық сабағы № 12 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына арналды.

Ашық сабақтың мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту. Мектептер мен басқа да білім ордаларында этнос өкілдері арасындағы толеранттылықты үйрету. Жеке тұлғалық пен мәдениеттілікті, құқық қорғау және жеке бас бостандығы ұғымдарын түсіндіру.

Бүгінгі аталмыш шараға мамандандырылған физика-математикалық мектебінің 9 сыныптан 30 оқушы мен сынып қатысты. "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері Гүлнұр Кидибасова мен Шолпан Мұратова мектеп оқушыларын қарсы алып «Достық үйін» аралап, медиация, «Жас қанат», этномәдени бірлестіктер бөлмелерін таныстырды. Ал кітапханада үштілдік диалогы жүргізілді. «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасап әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен көрнекіліктерін тамашалады. Содан кейн Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктері туралы дәріс өтті. Дәріс соңында оқушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылды Белсенді қатысушылар сыйлақтарға ие болды.

Сонымен қатар оқушылар этномәдени бірлестіктер төрағаларымен танысып суретке түсті. Оқушылар жақсы көңіл күйде болып тәжірибесін арттырды.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 821  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-01-2017, 16:00  |  
  •   |