«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

22 қазан «Бейбітшілік және келісім» ашық сабағы Ақтау қаласының №3 орта мектебінің 10 сынып оқушыларына болды. Әдеттегідей оқушыларды «Қоғамдық келісім» ұжымы дәстүр бойынша күтіп алды. Оларды «Достық үйімен» таныстырды. Мұражайдың тарихи құндылықтарын көрсетті. Оқушылар Қазақстан Халқы Ассамблеясын таныстыратын бейнероликті тамашалады. Әр ұлттан құралған 21 этномәдени бірлестіктермен жакын танысты. Қазақстан Республикасының тарихына тоқталды. Егемендік алған жылдардан бергі қабылданған шешімдер мен кезеңдерді еске түсірді. Видеороликті тамашалағаннан кейін ұйымдастырушылар қойған викториналық сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауап берген қатысушыларға Қазақстан Халқы Ассамблеясының суреті бар футболка, бас киім, төсбелгілер сияқты естелікке сыйлықтар таратылды.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

 



  • |  Просмотров: 887  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:24-10-2016, 16:26  |  
  •   |