«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ   Этномәдени бірлестік өкілдерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысының жастарына арналған «Бейбітшілік және келісім сабағы» деп аталатын ашық-сабақтар өткізу қолға алынған болатын. Ашық сабақ «Достық үйінде» әр сенбі сайын өтеді. 15 қазан ашық сабақ Ақтау қаласының №2 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.Ашық сабақтың мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту. Мектептер мен басқа да білім ордаларында өзге ұлт өкілдері арасындағы толеранттылықты үйрету. Жеке тұлғалық пен мәдениеттілікті, құқық қорғау және жеке бас бостандығы ұғымдарын түсіндіру – басты мақсатқа қойылған.

«Қоғамдық келісім» КММ өкілі Қамқа Күмісқалиева мектеп оқушыларын  қарсы алып, «Достық үйімен» таныстырды.Олар  «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасады. Мұражайдағы «Халықтық келісім» ҚБ-нің негізін қалаушы Жаздырхан Сейдалиевке арналған бұрышпен танысып, басқа да экспонаттар мен әр түрлі ұлттардың көрнекіліктерін тамашалады.  Одан кейін, акт залында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктері туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар, ашық сабақта қатысушыларға медиация туралы түсінік берді. Үш тілді меңгеру тақырыбы да қозғалды. Дәріс соңында қатысушылар арасында викториналық ойындар өткізілді. Ұйымдастырушылар студенттер мен оқушыларға өткен тақырып аясында сұрақтар қойып, олардан жауап алуға тырысты. Дұрыс жауап бергендер сыйлықсыз қалмады. Оларға «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» өрнегі бар футболкалар мен төсбелгілер берілді. Оқушылар мен студенттералған дәрістері мен көріп білгендерінен ерекше әсер алды. Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы көп мағлұмат алып, «Достық үйіне» келгендеріне өте қуанышты екендерін айтып, жеткізді. «Бейбітшілік пен келісім сабағы» атты ашық сабақ енді келесі сенбі қайталанатын болады.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» АШЫҚ САБАҒЫ


  • |  Просмотров: 1420  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:17-10-2016, 19:00  |  
  •   |