БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ

Бүгінгі өскелең ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Келешегіміздің кепілі. Тәуелсіз еліміздің бейбітшілігін сақтап, тұғырын берік ұстау қазіргі жастардың мойнына жүктелетін аманат болып қалмақ. Сол аманатты көздің қарашығындай сақтауды жастардың ой сәулесіне ұялата білу қажет. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, көпұлтты Қазақстанның ең басты қазыналарының бірі - толеранттылықты жоғалтпай, бейбітшілікке баулуды басты мақсатта ұстау керек.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының және Маңғыстау облыстық әкімшілік аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің  Этномәдени бірлестік өкілдерінің басшылығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау облысының жастарына арналған «Бейбітшілік және келісім сабағы» деп аталатын ашық-сабақтар өткізу қолға алынды. Ашық сабақ «Достық үйінде» әр сенбі сайын өтеді. Оған Маңғыстау облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысады. Әр сенбі бір мектеп оқушылары немесе колледж студенттері  шақырылып, оларға арнайы дәрістер оқылады. Ашық сабақтың мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту. Мектептер мен басқа да білім ордаларында өзге ұлт өкілдері арасындағы толеранттылықты үйрету. Жеке тұлғалық пен мәдениеттілікті, құқық қорғау және жеке бас бостандығы ұғымдарын түсіндіру – басты мақсатқа қойылған.

8 қазан «Достық үйінде» алғашқы ашық сабақ та болып өтті. Оған Ақтау қаласының медициналық колледжінің студенттері, «Қазақ-түрік» лицейінің 7 сынып және №1 орта мектебінің 6 сынып оқушылары шақырылды. Оқушылар мен студенттерді «Қоғамдық келісім» КММ-сінің өкілдері қарсы алып, «Достық үйімен» таныстырды. Одан кейін, акт залында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктері туралы дәріс оқыды. Дәріске «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазизбеков қатысты. Ол жастарға жылы тілектерін айтып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, ашық сабақта қатысушыларға медиация туралы түсінік берді. Үш тілді меңгеру тақырыбы да қозғалды. Дәріс соңында қатысушылар арасында викториналық ойындар өткізілді. Ұйымдастырушылар студенттер мен оқушыларға өткен тақырып аясында сұрақтар қойып, олардан жауап алуға тырысты. Дұрыс жауап бергендер сыйлықсыз қалмады. Оларға «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» өрнегі бар футболкалар, бас киімдер мен төсбелгілер берілді. Ашық сабақтан кейін қатысушылар «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасады. Мұражайдағы «Халықтық келісім» ҚБ-нің негізін қалаушы Жаздырхан Сейдалиевке арналған бұрышпен танысып, басқа да экспонаттар мен әр түрлі ұлттардың көрнекіліктерін тамашалады. Оқушылар мен студенттералған дәрістері мен көріп білгендерінен ерекше әсер алды. Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы көп мағлұмат алып, «Достық үйіне» келгендеріне өте қуанышты екендерін айтып, жеткізді. «Бейбітшілік пен келісім сабағы» атты ашық сабақ енді келесі сенбі қайталанатын болады.

БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ
БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕМІЗ  

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 969  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:9-10-2016, 22:41  |  
  •   |