Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті

Маңғыстау облысының Достық үйінде Назарбаев зияткерлік мектебінің және «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің бастамасы бойынша Қазақстан халықтарының тілдер күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай әдеби-танымдық ашық сабағы өтті.

Шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің, «Дарын» облыстық мектеп-интернатының оқушылары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Шара Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайында бастама алды. «Алан» осетин этномәдени бірлестіктің төрайымы - Фатима Михаиловна Биркле осетин халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және ұлттық киімдері туралы әңгіме айтты. Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, этностардың ұлттық киімдерін киіп көрді.

Ашық сабақ мәжіліс залында жалғасын тапты. Модератор ретінде Жадыра Музбаева – зияткерлік мектебінің педагог-кураторы шықты. Шара барысында шақырылған қонақтар Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты туралы өз пікірлерін жеткізді.

- Біз көпұлтты халықпыз. Халқымыздың толеранттылығының, түсіністікпен шыдамдылығының арқасында – біз бір отбасы болдық. Біз әр ұлтты, олардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге тиіспіз. Мемлекеттік ішкі бірлікті нығайту мақсатында Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев үш тұғырлы тіл саясатын жүргізді. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек.Ағылшын тілі - әлемдік аренаға шығу жолы, - депөз пікірімен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы – Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы бөлісті. Сонымен қатар, Достық үйінде әр сенбі мен жексенбі күндерінде мектеп оқушылар арасында «Бейбітшілік пен келісім» ашық сабақтарын өткізуді ұсынды.

Ашық сабақ аясында дарынды оқушылар үш тілінде белгілі ақындардың әдеби шығармаларын оқыды. Олардың өнерлісі домбыра мен гитара аспаптарында белгілі халық әндерін орындады. Оқытушы Жадыра Музбаева оқушыларға тематикалық сұрақтар қойды. Сұрақтардың әр қайсысына дарындылар белсенді жауап берді.

Шара соңында дәстүр бойынща Достық үйі ғимаратының алдында фотосессия өткізілді.

Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті Достық үйінде әдеби-танымдық ашық сабағы өтті

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

  • |  Просмотров: 1086  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-09-2016, 12:26  |  
  •   |