Беслан құрбандарын еске алу

Бүгін  Маңғыстау облысының Достық үйінде 2004 жылы Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу шарасын өткізілді. Ұйымдастырушы - «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өкілдері. Шараға этномәдени бірлестік басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өклідері қатысты.

Шара 1 минут үнсіздікпен басталды. «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы - Биркле Фатима Михайловна өз сөзінде  лаңкестік шабуылында қаза болған 200-ге жуық ересектер мен балалар туралы еске алды: - «2004 жылы 1 қыркүйекте содырлар Бесландағы нөмірі 1-мектепті басып алған болатын. Содан бері міне 12 жыл өтті. Алайда, ол оқиға миллондардың жүрегінде жатталып қалды. Оны ұмыту мүмкін емес. Бүгінде мыңдаған халық қанды оқиға болған жерге келіп, гүл шоқтары мен ойыншықтар қойып, қаза тапқан балаларды еске алады. Ол балаларды ешкімде, ешқашанда ұмытпайды...» - деп айтты. Содан соң, ұйымдастырушылар қайғылы оқиға жайында деректі фильм көрсетіп, қасірет құрбандарының рухына арналған жазбаларды нақышына келтіріп оқыды.

Шара барысында барлық қатысушылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Бұл қорқынышты күнін ұмытпаған жөн. Беслан құрбандарын еске алуға арналған мұндай іс-шара адамдар жазықсыз құрбандарын еске алып, отандастарымыздың бейбітшілік пен тыныш өмірді бағалай алуға тағы бір талпыныс болып табылады.

Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу

Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу Беслан құрбандарын еске алу    

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

  • |  Просмотров: 944  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:2-09-2016, 16:34  |  
  •   |