Ақтаулық оқушылар «Достық үйінің» мұражайын аралады

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Ақтаудағы №2 мектептің оқушылары  Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің көрме жәдігерлерімен жабдықталған мұражайды аралады.

Шара барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Самира Абдуллаева  Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі өңірдегі этно мәдени бірлестіктердің жұмысы туралы айтып өтті.  «Қазақстан көп ұлтты бір шаңыақ астына тоғыстырған мемлекет. Бүгінде Ассамблея қарқынды дамып келеді. Оның дамуы мен өсуі барысында Елбасының этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Ассамблея қазақстандықтарды бірлік пен татулыққа достық пен татулыққа шақырады- деді С.Абдуллаева жиналған оқушыларға.

Бүгінгі шараға барлығы 30-ға жуық оқушы мен олардың ата-аналары және ұстаздары қатысты. Тіпті, ризашылығы мен алғысын білдірген ата –аналарда болды. Олардың айтуынша, Ақтау қаласында неше жыл тұрсақта, мұндай мұражайға алғаш келуіміз. Енді үнемі келіп тұратын боламыз – деп ниеттерін білдірді. Тағы бір қуантарлық жәйт, оқушылардың ішінде ұлттық киімге ден қойған жастар да болды. Яғни, жастар өзге ұлт мәдениеті мен әдебиетіне салты мен дәстүріне деген қызығушылығы артып келеді дегенді білдіреді.  Этномәдени бірлестіктердің құнды жәдігерлері мен қоса тың дүниелерімен танысқан оқушылар шара соңында естелікке суретке түсіп, сый-сияпатқа бөленді.

Ақтаулық оқушылар «Достық үйінің» мұражайын аралады Ақтаулық оқушылар «Достық үйінің» мұражайын аралады Ақтаулық оқушылар «Достық үйінің» мұражайын аралады

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 999  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:23-05-2016, 01:27  |  
  •   |