Ардагерлерге арналған мерекелік концерт

«Ешкімде, ештеңе де ұмытылмақ емес!» бұл бүгінгі шараның басты ұраны. Ақтаудағы медицина колледжінің студенттері мен Белорусь этно мәдени бірлестік өкілдері ардагерлерге арнап арнайы мерекелік бағдарлама әзірледі. Шараға жиналғандардың қарасы да қалың болды. Олардың ішіндегі мәртебелі меймандар ол біздің ардагерлеріміз.  Өйткені, бүгінде бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатқанымыз сол жандардың арқасы. Соны бүгінгі әрі келер ұрпақ ұмытпауы керек. Кеш барысында сұрапыл соғыс жылдарындағы кеудесін отқа төсеген майдангерлеріміздің ерлігі айтылды. Медицина оқу орнының студенттері бүгінгі шараға тыңғылықты дайыдалған, олар майдан кезіндегі көріністен театрландырған қойылым қойып, сол соғыста қаза болғандарды еске алды.

Олардың Отан үшін от кешіп, неміс фашистерімен шайқасқаны туралы күні бүгінге дейін есімізде дейді – тыл ардагерлері.  Шара соңы студенттердің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Сондай-ақ олар, естелікке суретке түсіп, сый-сияпаттарын арнады.

Галина Гусейнова Белорусь этно мәдени бірлестігінің төрайымы өз кезегінде құттықтауын жеткізіп, ақ ниетін білдірді.

  • Жеңіс мерекесі - аға буын ағалар мен аталарымыздың елінің азаттығы үшін, өскелең ұрпақтың бақыты үшін күрескен қастерлі күн. Олардың ерлігіне мың тағзым. Майдангерлеміз аман болсын!
Ардагерлерге арналған мерекелік концерт Ардагерлерге арналған мерекелік концерт Ардагерлерге арналған мерекелік концерт Ардагерлерге арналған мерекелік концерт
Ардагерлерге арналған мерекелік концерт Ардагерлерге арналған мерекелік концерт Ардагерлерге арналған мерекелік концерт  

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 830  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:9-05-2016, 10:53  |  
  •   |