Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті

9 мамыр Жеңіс күнін Ақтаулықтар ерекше атап өтті. Шаһар халқы таңсәріден «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, Отан үшін қан майданда от кешкен батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, облыс және қала басшылары, ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы, студенттер, белсенді жастар мен этномәдени бірлестік жетекшілері «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Шарада аймақ басшысы Алик Айдарбаев жиналғандарды  Жеңістің 71-жылдығымен құттықтады. Қан майданда от кешкен ардагерлердің ерлігі қашанда ел жадында мәңгі болатынын айтып өтті. Сонымен қатар, 1000-ға жуық адам орталық алаңда болған «Мәңгілік полк» акциясына қатысты. Шара - қасіретті жылдарда от кешіп, елі мен жерін жаудан қорғау жолында жанын аямаған жауынгерлерді еске алу мақсатында ұйымдастырылған.  Акция аясында қатысушылар қолдарына соғыстан оралмаған батырлардың суретін алып, орталық алаңнан бастап, қаланың басты көшелерінен жүріп өтті. Содан соң өңірдегі этно мәдени бірлестік өкілдері мен этно мәдени орталық ұжымы жеңіс күініне ұйымдастырлыған мерекелік шарада ардагерлерді биге шақырып, вальс биледі. Көңілдерін бір серпітіп тастады. Осылайша, таңнан басталған мерекелік думан кешке дейін жалғасты. Ақтаулықтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылып,  мерекелік жәрмеңке де ұйымдастырылды.

Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті Ақтаулықтар Жеңіс күнін атап өтті

 МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

  • |  Просмотров: 1052  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:12-05-2016, 21:45  |  
  •   |