Автобустағы акция

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай қоғамдық көліктерде акция өткізді.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар айтулы мерекелерге арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар, смайликтер мен брошюраларды қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларына таратты.

Біз қала халқына мерекені сезіндіру мақсатында осы шараны ұйымдастырдық, дейді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этномәдени бірлесіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Самира Абдуллаева.

-Наурыз айының басы алғыс айту күні сынды айтулы шарамен басталды. Бұл мереке биыл бірінші рет тойланып жатыр. Осы мерекені тұрғындарға ұғыныдыру мақсатында біз смайликтер, брошюралар дайындап таратып жатырмыз. Бұл шарамыз әлі де өз жалғасын табатын болады, деді С.Абдуллаева.

Мол ақпараты бар, брошюраны алғаныма қуаныштымын, дейді Ақтау қалалық №2 мектептің 5 сынып оқушысы Айкун Гусейнова.

-Биыл ел тарихында айтулы мерекелер тойлануда. Бүгін осы шаралар жайлы өте жақсы ақпараттық парақшалар алдым. Өте қуаныштымын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар естелікке суретке түсірді.

Автобустағы акция Автобустағы акция Автобустағы акция

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 783  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:2-03-2016, 20:19  |  
  •   |