Ақтауда Алғыс айту күні тойланды

Маңғыстау облысында алғыс айту күні кең көлемде аталып өтті. Мәдени шараға облыс тұрғындары, этномәдени бірлестік төрағалары, ақсақалдар мен белсенді жастар қатысты. Ақтауда алғыс айту күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Тағылымды шараға мұнайлы аймаққа белгілі өнерпаздар мен өзге ұлт жастары қатысты.

Алғыс айту күні – елімізге тыныштық пен үндестік сыйлайтын сонымен қатар, еліміздегі барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні, дейді Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филилалының өкілі Тамара Сидорова.

-Біздің отбасы қиын-қыстау кезеңде тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған. Сол кезде қазақ халқы бізді құшақ жая қарсы алды. Мен қазақтардың мұндай жақсылығын ешқашанда ұмытпаймын. Алғыс айту күнін түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі деп білемін, деді Т.Сидорова.

Алғыс айту күні еліміздегі татулық пен тұрақты­лықтың арқасында тойланып отыр, дейді мерекелік шарада сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

- Тағдыр табыстырған, тарих то­ғыстырған түрлі этнос өкілдері азат­тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қа­ласты. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр. Бірлігі жарасқан Қазақстан аман болсын, деп қорытындылады өз сөзін Б.Нұрғазиева.

Бағдарлама барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті. Ал, шараға арнайы қатысқын этномәдени бірлестік төрағалары болса, қазақ халқына жүрекжарды ақ тілектерін білдірді.

Бұл күн - қазақтардың мәрттігін, азаматтығын, мейірімділігін еске алатын күн, дейді шарада сөз алған «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Зульфия Бернеева.

-Бүгінде Маңғыстау облысында 20 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңыз амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, деді З.Бернеева.

Мерекелік шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсіп, аспанға шар ұшырып, бір-біріне алғыс айтты.

Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды
Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды
Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды
Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды Ақтауда Алғыс айту күні тойланды    

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1169  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:3-03-2016, 12:09  |  
  •   |