Алғыс айту күніне арналған ақпараттық парақшалар таратылды

Алғыс айту күніне орай, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаладағы бірнеше мектептерге «Алғыс айту күні» жайында жазылған ақпараттық парақшалар мен смайликтер таратты.

Іс-шара барысында белсенді топ Маңғыстау облыстық мамандандырылған қазақ-түрлік лицейі, Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барып, мерекемен құттықтады.

Біз осы шарамыз арқылы бейбітшілік пен келісімнің салтанатты күнін балаларға ұғындырғымыз келді, дейді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этномдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Еркін Ақмамбетов.

-Маңғыстау облысында алғыс айту күні кең көлемде тойланып жатыр. Біз осы айтулы күнді мектеп оқушыларына да ұғындыру мақсатында арнайы дайындалған ақпараттық парақшаларды беріп жатырмыз. Бұл мерекені еліміздің әр азаматының жүрегіне жақын, жарқын мерекелердің бірі деп есептеймін. Барша қазақстандықтарды ел бірлігін нығайтуға бағытталған мейраммен шын жүректен құттықтаймын, деді ол.

Осынау айтулы күнде оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ақпараттық парақшалармен қамтығандарыңыз үшін рахмет, дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін директорының оқу-ісі бойынша орынбасары Роман Байғазиев.

-Бүгін ерекше күн. Себебі, бүгін барша адамзат баласының алғыс айтатын күні. Мен әрдайым оқушыларға бір-біріне, ата-аналарына алғыс айтып отырыңдар деп кеңес беріп отырамын. Себебі, алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне жақындай түседі, достықтары артады. Бізді елеп-ескеріп осындай маңызды парақшалар мен буклеттер әкеліп бергендеріңізге рахмет, деді Р.Байғазиев.

Алғыс айту күніне арналған ақпараттық парақшалар таратылды Алғыс айту күніне арналған ақпараттық парақшалар таратылды Алғыс айту күніне арналған ақпараттық парақшалар таратылды

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 932  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2016, 11:35  |  
  •   |