Алғыс айту күніне арналған акция

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы бірлесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және алғыс айту күніне арналған акция өткізді.

Мерекелік акция барысында ұйымдастырушылар көлік жүргізушілерін тоқтатып, алғыс айту күніне арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар таратып, көліктеріне смайліктер жабыстырып берді.

Біздің мақсат –бірлікке, достыққа арналған күнді қала тұрғындарына түсіндіру, дейді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Айгүл Төреғалиева.

- Алғыс айту күні-биыл бірінші рет аталып өтіп жатқандықтан, біз осы мерекені тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ел бірлігін нығайтуға арналған мерекенің тарихы тереңде жатыр. Біз осы акция арқылы, адамдарға алғыс айтып қана қоймай, өзіміз дайындаған ақпараттық парақшаларымызды таратуды да жөн деп шештік. Мәңгілік ел боламыз десек, ерлігімізді паш етіп, өз тарихымызды қашанда ұмытпауымыз керек, деді А.Төреғалиева.

Акция 15 шағын аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығынан басталып, 16 шағын аудандағы Ақтау сауда орталығы мен 22 шағын ауданға дейін жалғасып тапты.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар 20-дан аса көлік жүргізушісін тоқтатып, оларға сыйлық ұсынып, алғыстарын білдірді.

Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция
Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция Алғыс айту күніне арналған акция
Алғыс айту күніне арналған акция        

МО А «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1703  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2016, 11:29  |  
  •   |