Мен-қазақстандықпын!

1 наурыз күні «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі, маңғыстаулық өнерпаз Ислам Музаевтың жеке шығармашылық концерті өтті. Тағылымды шара алғыс Айту күні мен ҚХА құрылған күніне орайластырып өткізіліп отыр.

Кештен түскен қаражат республикалық «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының тұрғыны Күнзира Тельбаеваның мүмкіндігі шектеулі екі баласының еміне берілді. Концерттік бағдарламада сөз алған Күнзира Тельбаева Исламға өз ризашылығын білдірді.

-Исламды бүгінгі жеке шығармашылық концертімен құттықтаймын. осындай жаны жайсаң, мейірімді, жомарт жанға бүгінгі алғыс айту күнінде өз алғысымды білдіргім келеді. Себебі, ол менің балаларымның еміне қажетті қаражатты беріп, мұндай істерге бей-жай қарамайтындығын білдірді. Өнерің өрге жүзсін, деп қорытындылады өз сөзін К.Тельбаева.

Айта кетсек, Ислам Музаевтың жасаған игі ісі республикалық «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының басты нышаны арнайы «Қоржынға» жазылып салынды.

Кеш барысында Ислам Музаевты Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев А.С., құттықтады.

-Елбасы жастарға әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Шыннанда жастар біздің болашағымыз. Сондықтан біз оларға қолдан келгенше көмек көрсетіп отыруымыз шарт. Маңғыстаудан осындай таланттың шыққанына қуаныштымын. Мұнайлы аймақтың талантты жастары өз кезегінде Маңғыстауды Республикамызда ғана танытып қоймай, әлемдік аренада да танытып жүр. Исламға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, бірлігі мен татулығы жарасқан еліміз аман болсын деймін, деді облыс әкімі.

Шара аясында жас әншіні ҚР еңбегі сіңген қайраткері М.Шақаманова, Альфия Ахметова, Марина Рахманова сынды әншілер құттықтап, өз әндерін орындады. Ал, «Шадвал» би ансамблі болса өздерінің тамаша биін ұсынды.

Мені қолдап, келген жандарға мың алғыс, деді Ислам Музаев.

-Мен бұл концертті ұзақ күттім. Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі, мен өзімнің жеке шығармашылық кешімді беріп жатырмын. Кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы, МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Мен концертті алғыс айту күніне орайластырып қоюымның себебі, осы арқылы барша Қазақстанға, маңғыстаулықтарға алғысымды білдіргім келді, деп қорытындылады өз сөзін әнші.

Концерт барысында Ислам Музаев кавказ әндерімен қоса қазақ әндерін орындап жиналған көрерменді бір серпілтті. Әншінің назарынан жастардың заманауи әндері де тыс қалмады.

Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын!
Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын!
Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын! Мен-қазақстандықпын!  

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1001  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2016, 18:00  |  
  •   |