Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады

Ақтаудағы этномәдени бірлестік төрағалары Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті қызметкелеріне алғыс айтты. Мерекелік жиын барысында департамент қызметкелері, БАҚ өкілдері мен этномәдени бірлестік төрағалары қатысты.

Біз үшін бұл күнді атап өту зор құрмет, деді шара барысында сөз алған департамент қызметкері Ақтолқын Азизаева.

-Біз бүгін Алғыс айту күнін тойлап жатырмыз. Бұл мереке қазақстандықтардың бірлігі мен достығын нығайтуға бағытталған мерекенің бірі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының және еліміздегі барлық этностарды бір шаңыраққа топтастырған ҚХА күні, деді А.Азизаева.

Қиын-қыстау кезеңде мыңдаған ұлтты өз бауырына басқан қазақтарға мың алғыс, деді шарада сөз алған «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов.

-Біз үшін Қазақстан екінші Отанымыз. Біздің отбасымызды тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аудартып жібергенде, бізді қазақтар мейірімділікпен қарсы алды. Олар бізге тіпті қолдарындағы нанына дейін бөліп берді. Айта берсек, мұндай фактілер өте көп. Біз күн сайын түрлі этностардың өкілдерімен кездесеміз. Біздің талқылар тақырыбымыз тарихпен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда біздің аман отырғанымыз, осы қазақтардың арқасы деп білемін. Қазақстан біздің ортақ үйіміз. Нұрсұлтан Назарбаев-біздің көшбасшымыз. Біз Елбасының нұсқаған сара жолымен жүріп отырсақ, жақсы жетістіктерге жетеміз, деді М.Лорсанов.

Шара соңында жиын қатысушылары бір-біріне алғыс айтты.

Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады
Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік төрағалары полиция қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 981  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2016, 17:50  |  
  •   |