Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды

Алғыс айту күні қарсаңында Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚХА Маңғыстау облысындағы хатшылығын, МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен этномәдени бірлестік төрағаларын мерекелік шараға шақырды.

Мерекелік шара Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылындағы мәдениет үйінде кітап көрмесімен басталды. Ұйымдастырушылар қонақтарды 25 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктері жазылған кітаптармен таныстырды.

Іс-шара аясында қонақтар бауырсақ, қазы-карта, ірімшік, айран, шұбат сынды қазақтың ұлттық тағамдарымен сусындарынан дәм татты. Этномәдени бірлестік төрағаларын жергілікті тігіншілердің қолынан шыққан ұлттық киімдер мен зергерлердің жасаған әшекей бұйымдары таңқалдырды.

Содан соң, шара қонақтарының назарына Достық үйіндеге концерт ұсынылды. Концерттік бағдарлама барысында Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров жиналғандарды айтаулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.

- Бүгін Қазақстанның ерекше мерекелерінің бірі. Біз қазақстандықтардың бірлігі мен достығына арналған мерекені атап өтудеміз. Осы атаулы күн ҚХА құрылған күніне дәлме-дәл келуі кездейсоқ жайт емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі осы күнді алғыс айту күні деп ұсынды. Біз жүзден аса ұлтты бір шаңырақ астына жинаған Елбасына ризамыз. Біз келісім мен бірлікті сақтау жолында қызмет етіп жүрген бір-бірімізге ризамыз.

Содан соң, Ж.Айтуаров қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған сыйлықтарды ұсынды.

Маңғыстау ауданының мұндай жылы лебізіне риза болған қонақтар шара барысында өз алғысын білдірді.

Бізді елеп-ескеріп шақырған сіздерге рахмет, дейді «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Мартын.

-Соғыс жылдарында менің ата-әжемді Қазақстанға жіберген. Мен күн сайын осында тұратын түрлі этностардың өкілдерімен кездесемін. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүруіміз қазақтардың арқасы деп білемін. Маңғыстау ауданы менің жаныма жақын ауданның бірі. Мен 1986 жылы мен осы жерге келген болатынмын. Осында алғаш жұмысымды бастадым. Сонан бері, маған осы аймақ ерекше ыстық. Маңғыстаудағы барлық немістердің атынан, Қазақстанға тек табыс пен бейбітшілік тілеймін, деді С.Мартын.

Маңғыстау ауданына ризашылығын «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Юсуп Баматгереев, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Зульфия Бернеева, «Каспий цемент» ЖШС қызметкері Райхель Вальдемар мен Мекери Атымов атындағы 9 сынып оқушысы Елена Ластовецкая да білдірді.

ҚХА Маңғыстау облысындағы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина «Менің көрікті мекенім - Маңғыстау» фото-коллажының авторларына алғыс хат берді.

Содан соң, шара қонақтарының назарына «Тірегіміз-татулық, тілегіміз-тыныштық» атты достық концерті ұсынылды.

Осы күні шара қонақтары «Каспий цемент» ЖШС барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты.

Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды
Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды
Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды Алғыс айту күні Шетпе ауылында тойланды  

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1100  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:29-02-2016, 10:10  |  
  •   |