Қуыршақ театрындағы қайырымдылық

Маңғыстау облысында Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шаралар ұйымдастырылуда. Игі істің бірін Қазақстан кәрістер қауымдастығының Ақтау қалалық филиалы мен «Каспиан Оффшор Констракшн» компаниясы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалар түрлі сыйлықтар мен қуыршақ театрының қойылымын тегін тамашалады, дейді Қазақстан кәрістер қауымдастығының Ақтау қалалық филиалының төрайымы Райса Маденова.

-Қымбатты балалар барлығыңызды келе жатқан алғыс айту күнімен құттықтаймын. Бұл мереке бірлік пен достық мерекесі. Барлықтарыңыз үйлеріңізге барған соң, ата-аналарыңызды, бауырларыңызды айтулы күнмен құттықтаңыздар. Дендеріңе саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, деді ол.

Айта кетсек, «Каспиан Оффшор Констракшн» компаниясының бас директоры Олег Мун мұндай қайырымдылық акцияларын жиі ұйымдастырады.

Іс-шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, естелікке суретке түсті.

Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық
Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық Қуыршақ театрындағы қайырымдылық  

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 



  • |  Просмотров: 793  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:27-02-2016, 17:58  |  
  •   |