Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады

1 наурыз Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Атаулы датаны атап өту мақсатында, Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестік төрағалары Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 6656 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.

Алғыс айту күні бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, деді жиында сөз алған «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Маргарита Клее.

- Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Сондай-ақ, бұл күн Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға алғыс айтатын күні деп білемін. Себебі, қиын-қыстау кезеңде менің ата-әжем Қазақстанда қоныс аударып келгенде, қазақтар оларды құшақ жая қарсы алып, жылы қабақ танытып, тіпті кейбірі қолындағы тамағына дейін берген. Біздің әулеттің үлкендері әрдайым дастархан басында қазақтардың мейірімділігі мен қамқорлығын айтып көздеріне жас алып отырады. Мен Тәуелсіз қазақ елінің амандығын тілеймін. Еліміз аман болса, барлығы жақсы болады, деді М.Клее.

Алғыс айту күні – өзара көмек көрсету мен қолдау күні, дейді «Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков.

-Алғыс айту күнін қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні деп білемін. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бүгінде Қазақстанда тұратын қаншама ұлт қазақтарға рахметін айтудан жаңылмайды. Себебі, қазақтар қиын-қыстау кезеңде қаншама ұлтты бауырына басып, жақынындай көрді. Олардың мұндай жақсылығын ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз деп білеміз, дед Қ.Ғазибеков.

Іс-шара соңында этномәдени бірлестік төрағалары шараға қатысқандарға және бір-біріне өз   алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.

Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады
Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметшілерді алғыс айту күнімен құттықтады

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1016  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-02-2016, 11:41  |  
  •   |