Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг

Достық үйінде «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша этномәдени бірлестік өкілдерінің әлеуетін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысымен «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.

Қазақстан Халық Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктердің қызметін белсендіру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Олар қоғамда тұрақтылық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтар достығын насихаттауға және басқа да қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне атсалысуға бағытталған.

Маңызды мәселеге арналған мұндай семинар-тренингке қатысқаныма ризамын, дейді Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестегінің мүшесі Владимир Лесниченко.

-Семинар-тренинг халықаралық стандарттың негізіне сүйеніп жасалған, мен өзім бизнесте осы халықаралық стандарттарды енгізумен айналысамын, бүгінгі тренингке қатыса отырып халықаралық стандарттарды бизнеске ғана емес, үкіметтік емес ұйым қызметінде қолдануға болатындығына да көз жеткіздім, деді ол.

Семинар-тренинг барысында «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова әлеуметтік жобаның маңызын айтып өтті.

-Біздің мақсат этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мемлекеттік тапсырысты қалай алу керектігін, сонымен қатар, бөлінген қаржыны қалай игеруді үйрету. Біз сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс алған соң, іс-шараларды қалай жоспарлау керектігін де үйретеміз. Семинар қорытындысы бойынша барлығына арнайы сертификаттар табыстаймыз, деді Ж.Ахметова.

Семинар барысында этномәдени бірлестік мүшелері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Бізді әлеуметтік жобалармен қалай жұмыс жасау керектігін үйреткен «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігіне алғысым шексіз, дейді «Алан» осетин этно-мәдени бірлестік төрайымы Фатима Биркле.

-Бүгінгі семинарда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өтінімді қалай дайындау керек, шығармашылық және қаржылық есеп жасақтау әдістерімен таныстық. Мұндай оқыту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп қажет деп есептеймін. Әлеуметтік жобалар бойынша көптеген тың мәліметтер алдым, деді Ф.Биркле.

Семинар-тренинг соңында қатысушылардың барлығы арнайы сертификаттар алды.

Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг
Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 726  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-02-2016, 18:06  |  
  •   |