Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды

Достық үйінде «Маңғыстау облысы әкімі Аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі» тақырыбында отырыс өтті.

Жиынға Маңғыстау облыстық сотының қызметкерлері, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, кәсіби тренер-медиатор Владислав Трифонов, кәсіби медиаторлар, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысты.

Жиын ұйымдастырушысы - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемелекеттік мекемесі.

Іс-шараның мақсаты - медиация құрылымдары және тәртібін қалыптастыру мен қолдануға байланысты жұмыстарды жандандыру.

«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Жалпы, медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Үшінші тарап дегініміз ол медиатор. Медиатор - ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, ол бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

Медиация біздің қазақ халқына тән нәрсе десек артық айтқандық емес. Себебі, ертеде белгілі бір дау-жанжалдарды шешу үшін қазіргі медиатор қызметін елге белгілі абыз, ақсақалдар, би, шешендер шешіп отырған. Осылайша, рулар, түрлі ұлттар арасындағы шиеленістер оңай шешіліп отырған.

Қазіргі таңда кәсіби медиатор жұмысын жандандыру керек, дейді жиында сөз алған Маңғыстау облыстық сотының судясы Гүлжахан Иманғалиева.

- Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сонымен қатар, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. Жалпы, халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40% медиация рәсімінен өтеді, олардың 85% оң нәтижелерге қол жеткізілген. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты медиация орталығын ашу дұрыс шешім. Менің ойымша аталмыш орталыққа медиатор мен қатар психолог та болса дұрыс болар еді. Себебі, дау-жанжалдан басы қатып, тығырықтан шешім іздеген адам тек медиатормен қатар, психологпен де тілдесіп, өзіне қажеттілерін алса, ол адамға көп көмек болады деген ойдамын, деді Г.Иманғалиева.

Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды, дейді «Туған Ел» қоғамдық қорының басшысы, кәсіби медиатор, Әдемі Кемеладинова.

-Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 4 кәсіби медиатор жұмыс жасайды. Біздің кәсіби медиаторлар көбінесе Қарақия және Мұнайлы ауданында жұмыс жасайды. Жұмысымызды жандандыру мақсатында біз Ақтау қаласынан орталық аштық. Бізге адамдар өз кикілжіңдерін шешу мақсатында келеді. Біз әрдайым оларға алғашқы көмегімізді аямаймыз. Біз болашақта осы «Қоғамдық келісім» мекемесінің медиация орталығымен тығым қарым-қатынас жасап, жақсы жұмыс жасаймыз деген ойдамын, деді Ә. Кемеладинова.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен медиация орталығын ашу арқылы, көптеген кикілжіңдердің алдын-алуға болады, деді жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, кәсіби тренер-медиатор Владислав Трифонов.

-«Қоғамдық келісім» мекемесінің медиация орталығы өз кезегінде татулық, келісім және толеранттылықты одан әрі дамыту мақсатында керек. Сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласы мәселелерін шешу тәжірбиесінде медиация тәсілдерін қолдану мақсатында Қазақстан халы Ассамблеясының жанынан медиацияны одан әрі дамыту мақсатында керек. Жалпы медиацияны дамыту, қоғамдық дәнекер ретінде медиатор мәртебесін ұйымдастыру саласында қоғамдық қатынастарды нормативті құқықтық реттеу үрдістірінде халықаралық тәжірбиені зерделеуде қажеттілік бар, деді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасып, осындай жиындарды алдағы уақытта жиі ұйымдастыруға келісті.

Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды
Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығының даму келешегі талқыланды  

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 1789  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:18-02-2016, 15:03  |  
  •   |