Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, ҚХА Кеңесінің, аналар Кеңесінің мүшелері, Ассамблея жастары, сондай-ақ ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты.
"Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біз қуатты мемлекет құрдық. Экономикамызды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Осының бәріне біз берекелі бірлігіміздің арқасында қол жеткіздік. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы саясаттың арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілік қоғамдағы ынтымақтастық пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен басталады. Бұл жарқын көрініс-біздің Отанымыздағы түрлі мәдениеттердің үйлесімі. Бұл-біздің біртұтас ұлтқа бірігуіміздің басты қағидаты және бұлжымас стратегиялық бағдары. Сондықтан біздің басты міндетіміз - осындай тұрақтылық пен достықты сақтау", - деп атап өтті Ұлықбек Тналиев.
Кездесу барысында "Қоғамдық келісім" КММ-нің 2022 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды есебі тыңдалды, сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес қоғамдық келісім Кеңесі мүшелерінің танылған құрамы қаралып, бекітілді, ол алдағы уақытта қоғам игілігі үшін қоғамдық жұмыстар жүргізетін болады.
Кеңестің негізгі міндеті азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік қағидаттарында қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу үшін бірыңғай тәсілдерді тұжырымдау болып табылады.
Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті


  • |  Просмотров: 41  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:5-07-2022, 09:48  |  
  •   |