Бүгін “Достық үйінде” Маңғыстауда "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

⚜️Бүгін “Достық үйінде” Маңғыстауда "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
11 тамызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шарада сөз алған аймақ басшысы "Мерейлі отбасы" байқауына қатысушыларды жеңісімен құттықтап, қатысушыларға отбасы институтын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, білім, денсаулық сақтау, өнер, кәсіпкерлік және т.б. салаларынан құралған 59 отбасы өтінімдерін берді.
Байқауға көп балалы және жас отбасылар да белсенді қатысып, облыстық кезеңге 14 отбасы жолдама алды. Оның ішінде ұстаздар династиясы, өнерлі әулет, кәсіпкерлер және ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен отбасылар бар.
"Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес І орынды Бейнеу ауданынан Себепбаевтар отбасы, ІІ орынды Маңғыстау ауданынан Тұңғатаровтар отбасы, ІІІ орынды Түпқараған ауданынан Жауыновтар отбасы иеленді.
Сонымен қатар, облыстық кезеңге қатысқан 11 отбасыға лауреат атағы берілді.
Жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, Маңғыстау облысы атынан республикалық кезеңге Бейнеу ауданының Себепбаевтар отбасы жолдама алды.
Ұлттық жобаның республикалық кезеңі отбасы күніне орай (қыркүйек айының 2 жексенбісі) қорытындыланады.
Бүгін “Достық үйінде” Маңғыстауда "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін “Достық үйінде” Маңғыстауда "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды


  • |  Просмотров: 38  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-08-2022, 12:23  |  
  •   |