Бүгін "Достық үйінде" Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
2021 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облыстық ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ базасында «Өңірлік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясы жобалық офисі» ашылды. Бүгінгі таңда комиссия құрамы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері – 7 адам, ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар – 9 адам, азаматтық қоғам мен қоғам өкілдері – 10 адам құрайды. Сондай ақ, өңірлік комиссия жанынан 9 жұмыс тобы құрылып, 28 мүшесі (5 азаматта ғылыми дәрежесі бар) бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді.
Кездесу барысында Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссиясының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды есебі тыңдалды.
Қазіргі таңда, өңірлік комиссия және жұмыс топтарының мүшелері республикалық және өңірлік архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін "Достық үйінде" Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Бүгін "Достық үйінде" Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.


  • |  Просмотров: 18  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:4-08-2022, 12:12  |  
  •   |