Бүгін, 31 Мамырда Достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері бойынша облыс әкімдігі жанындағы комиссияның ашық отырысы өтті.
Отырысқа облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дементьева Наталья Григорьевна, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі Өмірзақ Озғанбайұлы, облыстық комиссия және жұмыс топтарының мүшелері, мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мұғалімдер, жастар және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі комиссияның мүшесі Өмірзақ Озғанбайұлы өз сөзінде республикалық комиссияның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ, отырыс қатысушыларына "Зобалан" бейнеролигі көрсетілді.
Қазіргі уақытта 786 зардап шегуші бойынша белгіленген материалдар бар. Бұл деректер сараптамадан өтеді, оның нәтижелері бойынша қуғын-сүргін құрбандары ақталады. Бұдан басқа, Маңғыстау облысынан басқа өңірлерге қоныс аударған 1000 босқындардың тізімі жасалады. Болашақта оларды оңалту жұмыстары да жүргізілетін болады. Зерттеулер жалғасуда.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді, оларды саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы жазған қоғам қайраткерлері, тарихшылар, архив қызметкерлері, Маңғыстау облысының зерттеушілері алды.


  • |  Просмотров: 36  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-05-2022, 15:51  |  
  •   |