«Жеңіс бәрінде бір» атты мерекелік естелік концерті

Достық үйінде «Жеңіс бәрінде бір» атты мерекелік естелік концерт өтті. Іс-шараны беларусь этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараға облыстың этномәдени бірлестіктері, ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, ҚХА шығармашылық ұжымдары, Ассамблея жастары, қала тұрғындары қатысты.
Достық үйінің холында оркестр қонақтарды қарсы алды, сондай-ақ қонақтарға Қазақстан батырлары туралы фотогалерея ұсынылды. Бұл фотоматериалдар Беларуссия мемлекеттік Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайында және "Брест батыр бекінісі" мемориалдық кешенінде алынды.
Концерттік бағдарлама әскери әндермен, дарынды жастардың өлеңдерімен сүйемелденді. Іс-шара соңында әртістермен бірге көрермендер атақты "Катюша" әскери әнін орындады.
"Біз Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерліктерін әрдайым есте сақтайтын боламыз. Біздің болашағымыз үшін өз өмірін қиған батырлардың есімдері біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Біз өз өмірін аямай, болашақ ұрпақ үшін еркіндік пен бақытқа ие болған адамдарды ешқашан ұмытпаймыз. Батыр халқымызға лайықты болуға уәде береміз! Көктем мерекесі құтты болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын", - деді беларусь ЭМБ төрағасы Галина Гусейнова.


  • |  Просмотров: 19  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-05-2022, 16:34  |  
  •   |