«Татулық – бірлік нышаны»

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, Достық үйіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері мен олардың балалары келді. «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері балалар мен ата-аналарға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтып, «Достық үйінің» мұражайын, кітапханасын аралатты.
Мұражайдағы Маңғыстау облысының белгілі қоғам қайраткері, Маңғыстауды мекен еткен этностардың арасындағы достық карым-катынасты нығайтуға үлкен үлесін қосқан Ж. Сейдалиевке арналған бұрышты тамашалады. Сондай-ақ, ата-аналар «Достық Үйінің» «Тілек кітабына» Қазақстан халқы Ассамблеясына өз ілтипаттарын жазып қалдырды.
Экскурсиядан соң «Атриум» залында Халыққа қызмет көрсету орталығы кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен сурет байқауының қорытындысы бойынша марапаттау өтті. Сурет байқауына 80-нен астам бала қатысып, үздік деп танылған суреттердің авторларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.
«Татулық – бірлік нышаны»
«Татулық – бірлік нышаны»
«Татулық – бірлік нышаны»


  • |  Просмотров: 40  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:4-05-2022, 16:25  |  
  •   |