Қазақстан халқының бірлігі күні Достық үйінде "Бірлік – береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті

Бірлік күні - бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Маңғыстауда бүгінгі күні 50-ден астам ұлт, 20 этномәдени бірлестік бар. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар – бір тату халық.
Іс – шараға өңір басшысы - Нұрлан Ноғаев, қоғамдық ұйымдар, аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, өңірдің этномәдени бірлестіктері, белсенділер мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара концерттік бағдарламамен, спорттық ұлттық ойындармен, этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар жәрмеңкесімен сүйемелденді. Нұрлан Ноғаев балалармен бірге ұлттық ойындарға қатысып, басқа халықтардың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Салтанатты бөлімде өңір басшысы барлық маңғыстаулықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
- Құрметті маңғыстаулықтар! Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймын. 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні! Еліміздің тарихына көз жүгіртсек, халқымыз әрқашан бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген. Достықтың арқасында бүгінде тұрақтылық пен үйлесімділік орнады. Бүгін біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бағыт елдегі тұрақтылықты, этносаралық құрмет пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Өзара сыйластық, тәртіп пен тұтастық – бұл әрқайсысына өзінің азаматтық борышын орындауға көмектесетін өлшемдер деп санаймын. Көктемнің осы тамаша күнінде баршаңызға мерекелік көңіл-күй, денсаулық, табыс, игілік пен бақ-береке тілеймін!,- деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Қазақстан халқының бірлігі күні Достық үйінде "Бірлік – береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті
Қазақстан халқының бірлігі күні Достық үйінде "Бірлік – береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті
Қазақстан халқының бірлігі күні Достық үйінде "Бірлік – береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті


  • |  Просмотров: 40  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-05-2022, 16:20  |  
  •   |